Шетел инвестициясының жылдық көлемі 30 млрд долларға артады

0
2 499

2025 жылға қарай қазіргі 6,1% инфляция деңгейі 3-4%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендейді.


Шетел инвестициясының жылдық көлемі 30 млрд долларға артады

ERNUR.KZ. Үкімет басшысы Асқар Мамин мәжілістегі Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында биылғы экономикалық өсім жайлы айтты, деп жазады inbusiness.kz.

«Бюджет шығысы оңтайландырылып, Ұлттық қордан қосымша трансферт шектеледі. Экономиканы әртараптандырудың жаңа тетігін жүзеге асыру және бюджетті толықтыру нәтижесінде 2025 жылға бюджеттің мұнайдан емес тапшылығы 6%-ға, жалпы тапшылық 3%-ға дейін болады», – деді премьер-министр.

Асқар Маминнің мәлімдеуінше, 2025 жылға қарай қазіргі 6,1% инфляция деңгейі 3-4%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендейді.

«2025 жылға қарай экономиканың жыл сайынғы өсім қарқыны 5%-дан асады. Биыл экономикалық өсім 3% деңгейінде қамтамасыз етіледі. Инвестиция тарту жөніндегі жаңа шараларды жүзеге асырудың нәтижесінде тікелей шетел инвестициясының жылдық көлемі 2021 жылы 15,9 млрд доллардан 2025 жылға дейін 30 млрд долларға артады. Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестиция деңгейі 2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 30%-на дейін жеткізіледі», – деді Асқар Мамин.