Шетелде 9 жастағы қазақстандық баланы көлік қағып кетті

0
724

Баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.


Шетелде 9 жастағы қазақстандық баланы көлік қағып кетті

ERNUR.KZ. Түркияда 9 жастағы қазақстандық бала көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Түркияның БАҚ-тарында Қазақстаннан келген 9 жастағы баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлама тараған еді.

Ондағы ақпаратқа сәйкес, оқиға Анталия провинциясындағы Алания ауданының Қарғыджақ ауылында болған. Көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы – Қазақстанның азаматын қағып кеткен. Оқиға орнына бірден жеткен медициналық бригада баланы ауруханаға жеткізген. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Көлік аптатына кінәлі ұсталып, тергеу басталған.

Куәгерлердің айтуынша, бала отбасымен келе жатып, жолдан өтіп үлгермеген.

ҚР Сыртқы істер министрлігі оқыс оқиғаның болғанын растады.

«Көз жұмған баланың ата-анасы консулдыққа хабарласқан жоқ. Біздің мәліметтер бойынша олар ұлын Түркия аумағына жерлеген», - деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадрияров.