Іздестіруді бастаған тарапқа ер адамның ұсталғаны туралы хабарланған.
Фото: polisia.kz
ERNUR.KZ. Арменияда іздеуде жүрген ер адам Астанада ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.
"Қылмысқа тосқауыл" жедел-іздестіру іс-шарасы аясында Астана криминалдық полиция қызметкерлері Армения Республикасында іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамды ұстады.
"Жеке басын анықтау және қосымша тексеру жүргізу үшін аталған азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тексеру барысында оның 2023 жылғы мамырдан бері іздеуде жүргені анықталды.
Ол – жүргізуші куәлігі жоқ және көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған", - делінген хабарламада.
Іздестіруді бастаған тарапқа ер адамның ұсталғаны туралы хабарланған.