Шетелде оқитын қазақстандық студенттер мемлекетке салық төлеуге тиіс

0
104

Қазақстанда қарапайым халық декларация тапсырудан босатылса да, шетелде табыс тапқандарға бұл талап күшінде қалған.


Шетелде оқитын қазақстандық студенттер мемлекетке салық төлеуге тиіс

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. 2024 жылы өзге елде білім алған қазақстандық студенттер биыл декларация тапсырып, шәкіртақысының 10 пайызын салық етіп төлеуге тиіс, деп жазады stan.kz.

Қазақстанда қарапайым халық декларация тапсырудан босатылса да, шетелде табыс тапқандарға бұл талап күшінде қалған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, шетелдік қаржы көзінен қаржыландырылып, шәкіртақы алған қазақстандық студенттер “кірістер мен мүлік туралы” декларацияда шәкіртақы көлемін көрсетуі керек. Сәйкесінше оның 10%-ын жеке табыс салығы ретінде төлеуі қажет. Ал “Болашақ” сияқты мемлекеттік бағдарламалар аясындағы шәкіртақы алғандар салықтан босатылады.

Мамандардың айтуынша, 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес шетелден шәкіртақы алатын тәлімгерлердің салықтан босатылатын жеке санаттары бар.

“Бірақ салық салудан босатылатын шәкіртақылардың жеке санаттары бар. Бұл Қазақстанның білім беру ұйымдары ұсынған, сондай-ақ "Болашақ" секілді арнайы мемлекеттік бағдарламалар аясында тағайындалған шәкіртақылар болып саналады”, – дейді МКК салық әдістемесі басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аббасова.