Ол ауруханаға жатқызылды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 7 айлық Қазақстан азаматының Ресей Федерациясынан елге оралғанын жеткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Келген бойда бүлдіршін балалар ауруханасына қаралып, тексерілу үшін жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, өзін жақсы сезінеді. Медициналық шаралар аяқталған соң нәресте «Балалар үйі» КММ-ге жіберіледі. Баланы алып келу процесіне әдіскер-қамқоршы және анестезиолог-реаниматолог қатысты.
«Біз үшін әрбір баланың қандай жағдай болмасын, қажетті қолдау алуы маңызды. Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматына барынша қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысудамыз. Тиісті органдар мен мамандар кішкентай нәрестені елге қайтару үшін орасан зор жұмыс атқарды. Осы жақта оның өсіп-жетілуі үшін білікті мамандар қолдан келгеннің бәрін жасайды», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.