Шетелден ұшып келетін жолаушыларға талап күшейтілді

0
962

​Сәуірдің басынан бері елге 251 адам анықтамасыз келіп, 2 жолаушыдан індет анықталды.


Шетелден ұшып келетін жолаушыларға талап күшейтілді

ERNUR.KZ. Бұл туралы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

«Шетелден әуе рейстерімен келетін жолаушыларға талап күшейтілді. Енді бортқа теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасы жоқ жолаушылар отырғызылмайды. Бұл әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты қабылданған қаулы. Сәуірдің басынан бері елге әуе рейстерімен анықтамасыз келетіндер саны қысқарды. Мәселен, сәуірдің 13-не дейін анықтамасы жоқ 251 жолаушы келіп, 2 жолаушыдан індет анықталды. Ал наурыз айының сәйкес кезеңінде елге 4900-ге жуық адам келсе, олардың ішінде 16 коронавирус жұқтырған жолаушы тіркелді. Көрсеткіштер бірден 19 есе төмендеген», – деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.