Шетелден ұшып келген үш жолаушыдан індет анықталды

0
2 481

​20 қаңтарда Қазақстан аумағына 13 халықаралық әуе рейсімен 1270 жолаушы келді.


Шетелден ұшып келген үш жолаушыдан індет анықталды

20 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 1270 жолаушы келді. Олардың қатарында 1012 жолаушыда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 258 жолаушы тиісті анықтамасыз келген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Оның ішінде:
Алматы әуежайына – 5 рейс (600 жолаушы, анықтамамен - 577, анықтамасыз – 23);
Нұр-Сұлтан әуежайына – 5 рейс (483 жолаушы, анықтамамен - 249; анықтамасыз – 234);
Атырау әуежайына – 1 рейс (127 жолаушы анықтамамен келді);
Шымкент әуежайына – 1 рейс (1 жолаушы анықтамамен келді);
Орал әуежайына – 1 рейс (59 жолаушы, анықтамамен - 58; анықтамасыз – 1).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Айта кетейік, 19 қаңтарда анықтамасыз келген 202 ҚР азаматының үшеуінен коронавирус анықталды. Олардың біреуі Шарм-эль-Шейх қаласынан Қостанай әуежайына, біреуі Дубай қаласынан Алматы әуежайына, тағы бір жолаушы Франкфурт қаласынан Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген.