ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мақаланың жариялануымен құттықтады.
иллюстрациялық фото
Шетелдік басылым қазақстандық «QazVac» вакцинасы туралы жазды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды.
EClinicalMedicine published by The Lancet журналы (https://www.thelancet.com/journals/eclinm/) отандық «QazVac» вакцинасын клиникалық зерттеудің 1-2 фазасының нәтижелері туралы мақаланы қабылдап, электрондық нұсқасын басып шығарды. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарын мақаланың жариялануымен құттықтаймын, - деп жазды министр.