Ксения 1995 жылдан бері Грекияда тұрады, содан бері ол Қазақстанға келмеген.
Фото: Vera.kz
ERNUR.KZ. Шымкент соты Грекия азаматын белгісіз қарызы үшін 31 миллион теңге төлеуге міндеттеген, деп жазады stan.kz.
Ксения Калпакиду Қазақстанға қарашаның ортасында әкесі қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығын алу үшін келген. Құжаттарды рәсімдеп болған әйел Грекияға қайтпақшы болған, бірақ ұшар алдында бейтаныс адамға 31 миллион теңге қарыз болғандықтан, елден шығуға тыйым салынғанын білген.
"27 қазанда сот болған, мені борышкер деп таныды. 2022 жылы Астанадағы Ештаевтан 31 миллион алды дейді. Оның үстіне түбіртек жоқ. Судья Бөрібеков мені кінәлі деп тапты", – деді Ксения Калпакиду.
Ксения 1995 жылдан бері Грекияда тұрады, содан бері ол Қазақстанға келмеген. Ол өткен жылдың 18 қарашасында мұрасын рәсімдеп, келесі күні құжаттарын алған. Ал 12 желтоқсанда ол бейтаныс тұлғаның алдындағы қарызына байланысты бүкіл мұрасына тыйым салынғанын білген. Қазір ол елден шыға алмайды, ал визасының мерзімі өтіп жатыр.
Бірінші инстанциядағы сот процесі жеңілдетілген тәртіпте және тараптардың қатысуынсыз өткен. Ксения тіпті шекарадан өткенін растайтын шекара қызметінің мөрлері бар төлқұжатын көрсете алмады. Өтініш беру мерзімінің өтуіне байланысты шағымы да қабылданбады.
"Түркістан облысының белгілі бір тұрғыны Грекия азаматының мұрасын тегін алғысы келіп, мұраға ешкім келмейді деп үміттеніп, судьяның көмегіне жүгінген. Бұл әрекеттерді қызмет бабын асыра пайдаланып, бөтеннің мүлкін ұрлау деп санауға болады", – деді заңгер Игорь Балабойкин.
Грекия азаматы елінің елшілігіне хабарласып, көмек сұраған. Сонымен қатар ол және оның адвокаты бұл жағдайға кінәлі шенеуніктерді жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына арыз жазбақ.