Шетелге заңсыз шығарылған 670 млрд теңге Қазақстанға қайтарылды

0
636

БАҚ өкілдері Қазақстаннан активтерін заңсыз шығарғанын бай-бағландардың аты-жөнін атауды өтінді.


Шетелге заңсыз шығарылған 670 млрд теңге Қазақстанға қайтарылды

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шетелге шығарылған активтерді қайтару жұмысы қалай жүріп жатқанын айтты, деп жазады sputnik.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер министрден шетелге кеткен активтерді елге қайтару жұмысы неге ашық емес екенін сұрады.
"Бұл ақпарат ашық. Бас прокуратура ақпаратты ұсынып отырады. Қателеспесем, бүгінгі күнге дейін 670 миллиард теңге елге қайтарылды", - деді Жамаубаев.
Ол бас прокуратураның басшылығымен шетелдегі активтерді қайтару бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатқанын еске салды. Тиісті заң жобасы әзірленуде.
"Қазір заң жобасы бизнес өкілдерімен, үкіметпен талқыланып жатыр. Негізгі әзірлеуші – әділет министрлігі. Жақын арада бұл заң жобасын жалпы талқылауға шығарамыз", - деп сендірді вице-премьер.
Осы орайда БАҚ өкілдері одан Қазақстаннан активтерін заңсыз шығарғанын бай-бағландардың аты-жөнін атауды өтінді. Алайда министр бұл ақпараттан бейхабар екенін айтты.
"Мен білмеймін, білсем айтамын ғой. Бұл құқық қорғау органдарының мәселесі. Мен олардың жұмысына араласпаймын", - деді Жамаубаев.