Шиеліде күн электр станциясының құрылысы басталды

0
999

Қуаттылығы сағатына 50 мегаватты құрайтын айтулы жобаға Сұлутөбе ауылының маңынан 150 гектар жер телімі бөлінген.


Шиеліде күн электр станциясының құрылысы басталды

ERNUR.KZ. Қызылорда облысының Шиелі ауданында күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін тағы бір станцияның құрылысы басталды, деп жазады «Хабар 24».

Қуаттылығы сағатына 50 мегаватты құрайтын айтулы жобаға Сұлутөбе ауылының маңынан 150 гектар жер телімі бөлінген. Аталмыш станция көрші аудандар мен облыс орталығын электр қуатымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ ауадағы көмірқышқыл газының жылдық мөлшерін 75 мың тоннаға дейін азайтып, инвестиция тартуға мүмкіндік береді, дейді мамандар. Алдағы уақытта әлеуметтік көмек есебінде күн электр станциясы жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына жеңілдіктер көрсетілу жағы қарастырылмақ. Мамандардың зерттеуінше, облыста 300-ден аса ашық, бұлтсыз күн болады. Осындай табиғаттың әлеуетін пайдалыну мақсатында өңірде тағы бірнеше баламалы энергия өндіру станциясын салу жоспарда бар.

– Жалпы бұл 23 млрд теңгенің көлемінде инвестиция тартылып жатқан. Бұл мысалы біздің Шиелі ауданында қысты күндері 9 мВт пайдалансақ, жазда 13-14 мВт пайдаланамыз. Енді сіздер есептеп көрсеңіздер, 4-5 ауданның электр қуатымен қамтамасыз ететін үлкен өндіріс орны болайын деп тұр. Қазір құрылысы басталып жатыр, біз желтоқсан айында бітіреміз деп жоспарлап отыр, - деді Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы.