Қасқырға ұқсайтын жануар қайғылы оқиға болған үйдің сыртында орнатылған камераға түсіп қалған.
ERNUR.KZ. Жақында Шығыс Қазақстан облысының Лесхоз ауылында 7 жастағы қызды ит жеп қойғаны туралы ақпарат тараған. Бірақ марқұмның анасы Дарья Орлова басқаша мәлімет айтып отыр, деп жазады Экспресс К.
Ол қызын қаңғыбас ит емес, қасқыр жеп қойғанына сенімді. Марқұмның анасы сенбі күні бейнебақылау камераларының объективіне қасқыр түсіп қалғанын айтты. Қазір қыздың ата-анасы өз бетінше тергеу жүргізіп жатыр.
"Біз мұны мүмкіндігінше өзіміз тексереміз. Ал полиция әлі ештеңе айтқан жоқ", - дейді Дарья Орлова.
Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында қарастырылған барлық қажетті сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Қожайынның Шерхан және Саманта иттеріне қатысты сараптамаға келер болсақ, оның қорытындысы әлі нақтыланып жатыр.
Қазір марқұмның ата-анасы айғақтарды жинап, аңды бақылауды жалғастыруда.
"Адамдар қасқырды талай рет көрген. Тіпті видеоға да түсіп қалған. Біз дәлелдерді жинап жатырмыз", - деп толықтырды Орлова.