ШҚО-да дәрігерді ауруханада атып кетті

0
2 766

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында фельдшерді түнгі кезекте жүрген жерінен атып кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ШҚО-да дәрігерді ауруханада атып кетті

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылында фельдшерді түнгі кезекте жүрген жерінен атып кетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 15 ақпан күні болған. Түнгі сағат 3:10-да түнгі кезегін өткізіп жатқан Рустам Ришатұлын бетперде киген адам атып кетеді. Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, күдіктіні тұтқындаған. «Қылмысқа қатысты заттай дәлелдің бәрі алынды. Бетперде, мылтық пен қылмыс кезінде киген күрте сақтаулы тұр. Күдікті де Ақжар ауылының тумасы. 1974 жылы туған. Ауыр қылмыс болғандықтан, облыстық сотқа жолдаймыз. Әзірге тергеу жүргізіліп жатыр. Оның өзі 1-1,5 ай уақыт алуы мүмкін», - дейді Тарбағатай аудандық ішкі істер бөлімінің Ақжар полиция бөлімі басшысы Талғат Нұрмұханбетов. Қаза болған фельдшер 1989 жылы туғаны белгілі болып отыр. Үйінде ата-анасы мен аяғы ауыр әйелі қалған. «Күдіктінің үш баласы бар. Жұбайы Рустам Ришатұлы жұмыс істеген аурухананың меңгерушісі әрі гинеоколог дәрігері болып жұмыс істейді. Күдікті қылмысын мойындап отыр. Оның бұл әрекетке бару себебін тергеу құпияларына байланысты жариялай алмаймыз», - дейді полиция майоры.