Із-түзсіз жоғалып кеткен 45 жастағы азамат Жарма ауданынан табылды.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында екі ай бұрын жоғалып кеткен ер адам табылды, деп жазады ҚазАқпарат.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, із-түзсіз жоғалып кеткен 45 жастағы азамат Жарма ауданынан табылды.
«Қазір республика бойынша кең ауқымды «Учаске» жедел алдын алу шарасы жүргізілуде. Шара барысында полиция қызметкерлері шаруа қожалықтарының бірін тексеру кезінде 2 ай бойы іздеуде болған ер адамды тапты», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Анықталғандай, телефонын жоғалтып алған ол өзін туған-туыстарының іздестіріп жатқандығын да білмеген. Қазіргі уақытта ер адам туыстарының үйіне жеткізілді.