ШҚО-да екі бала құдыққа түсіп қайтыс болды

0
391

Полиция қызметкерлері баланың ауладағы құдыққа шығып ойнап отырған сәтте қақпағы төңкеріліп, ішіне түсіп кеткенін айтады.


ШҚО-да екі бала құдыққа түсіп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында өткен аптада екі бала құдыққа құлап мерт болды, деп жазады Алтайньюс.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 маусым күні Өскеменде 3 жасар қыз "Ана мен бала орталығына" жеткізілгені туралы ақпарат келіп түскен. Ол жеке үйдің ауласында ойнап жүріп, кәріз құдығына құлап кеткен.

Дәл осындай қайғылы оқиға 9 маусым күні Глубокое ауданында қайталанды.

"Глубокое аудандық полиция бөлімшесіне 3 жасар баланың жансақтау бөліміне түскені туралы хабар келді. Бала ауладағы құдыққа шығып ойнап отырған сәтте қақпағы төңкеріліп, бала ішіне түсіп кеткен", - дейді полиция қызметкерлері.

Бала ауыр жарақаттарымен ауруханаға жатқызылып, артынша қайтыс болды.