ШҚО-да карантиндік шектеулер 30 қазанға дейін ұзартылды

0
789

Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.


ШҚО-да карантиндік шектеулер 30 қазанға дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ.А. Тұрдиевтің жаңа қаулысы жарияланды, деп жазады inform.kz

Жаңа қаулыға сәйкес, өңір бойынша карантин 30 қазанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 19,5%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,971.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.