Аталған жарыс қазақ халқының көне дәстүрлерін жаңғыртуға және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға бағытталған.
Фото: ШҚО әкімдігі
ERNUR.KZ Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында құсбегіліктен облыстық II чемпионат өтіп жатыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады, деп жазады kaz.inform.kz.
6-8 ақпан күндері ұйымдастырылған байрақты бәсекеге өңірдің ең мықты шамамен 30 құсбегісі қатысып жатыр.
Аталған жарыс қазақ халқының көне дәстүрлерін жаңғыртуға және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттауға бағытталған.
Чемпионат екі санат бойынша өтуде: бүркіттер мен қаршығалар арасында. Сайыс барысында аңшы мен қыран құстың өзара үйлесімі, баптау деңгейі мен аңшылық шеберлігі бағаланады.
Жарыс көрермендерге ерекше әсер сыйлап, адам мен табиғат арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан байланысын айқын көрсетіп отыр. Құсбегілік өнері — халқымыздың мәдени мұрасының ажырамас бөлігі.
Осындай жарыстар ұлттық құндылықтарды сақтауға, жас ұрпақтың салт-дәстүрге деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық спорттың дамуына серпін береді.


