ШҚО-да мәйіттік донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды

0
267


ШҚО-да мәйіттік донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында науқастың миы жұмысын тоқтатқаннан кейін оның жақындары ағзаларын өзгелерге беруге келісім берді, деп жазады BAQ.KZ.

Мамандар донордан жүрек, өкпе, бауыр және бүйректі алып, санитарлық авиация арқылы Астана мен Алматы қалаларына жеткізді. Донор күткен науқастардың бірі кеше ота жасатып, сәтті сауыға бастады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, барлық трансплантация операциялары мен кейінгі оңалту кезеңі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жүргізіледі.