Шығыс Қазақстан облысында орман өртін сөндіруге ТЖМ тікұшақтары жұмылдырылды.
Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform
ERNUR.KZ. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұлан ауданындағы «Аюда» алқабы және «Асу-Бұлақ» орман шаруашылығы аумағы отқа оранған. Өрттің жалпы аумағы анықталып жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.
“ Қазір сол жерде тілсіз жаумен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, ТЖД қызметкерлері күресіп жатыр. Сондай-ақ «Қазавиақұтқару» мекемесінің 2 тікұшағы жұмылдырылды “, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Өртті сөндіру жаяу топтардың күшімен жүзеге асырылуда. Ал тікұшақтардың көмегімен әуеден су төгу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орманды алқапта құрғақ шөп, бұталар мен ағаштар жанған.


