ШҚО-да өрт шыққан үйден бір адамның мәйіті табылды

0
620

Қайғылы оқиға Белоусовка ауылында болған.


ШҚО-да өрт шыққан үйден бір адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

YK-news жазуынша, қайғылы оқиға Глубокое ауданына қарасты Белоусовка ауылында болған.

«Өрт сөндірушілер келген кезде үйдің шатыры, жиһазы мен жеке заттар жанып жатқан. Үйден ер адамның мәйіті табылды. Жедел жәрдем дәрігерлері оның қайтыс болғанын анықтады», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, марқұм 1954 жылы туған. Өлім себебін сараптама анықтайтын болады.

Айта кетерлігі, марқұмның көршілері оның иесіз қалған екі итіне жаңа қожайын іздестіріп жатыр.