ШҚО-да тағы төрт аудан “жеке уақыт белдеуіне“ көшті

0
226

Зайсан ауданында тоғыз әкімшілік-аумақтық бірлік, оның ішінде Зайсан қаласы, сегіз ауылдық округ, 33 елді мекен бар, мұнда 35 219 адам тұрады.


ШҚО-да тағы төрт аудан “жеке уақыт белдеуіне“ көшті

Фото: ШҚО Зайсан ауданы әкімдігі

ERNUR.KZ. ШҚО-да Зайсан, Күршім, Тарбағатай, Самара аудандандарының тұрғындары 5 наурыздан бастап жұмыс күнін бір сағат ерте бастайды, деп жазады tengrinews.kz.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, жұмыс уақытын бір сағат бұрын бастау идеясын 28 ауылдық елді мекеннің тұрғындары қолдаған, бұл дегеніміз - 18,4 мың адам.

Ал Зайсан ауданында 35 мыңнан аса адам тұратын 33 елді мекен бар.

Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызының айтуынша, уақытты ауыстыру туралы ұсынысты зайсандықтар қуана қолдаған. Оның сөзінше, бұл бастаманы халықтың 100 пайызы, әсіресе, жұмыс күні сағат 09:00-де басталатын мемлекеттік қызметкерлер қолдапты.

Айта кетейік, Зайсан ауданында тоғыз әкімшілік-аумақтық бірлік, оның ішінде Зайсан қаласы, сегіз ауылдық округ, 33 елді мекен бар, мұнда 35 219 адам тұрады.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары 24 ақпаннан бастап "меншікті уақыт белдеуіне" көшкені хабарланды.

Енді Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарында жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін. Мұндай кесте жұмыс істейтін тұрғындар күндізгі уақытты тиімді пайдалану үшін енгізілген, өйткені аймақта ерте күн шығып, ерте күн батады.