Тергеу Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.
Сурет: TikTok/osa_uka_vko
ERNUR.KZ. Өскемен-Самар тас жолының 75-ші шақырымында Самар ауданына тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған затты тасымалдау кезінде жарылыс болды. Салдарынан VOLVO маркалы жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты, деп жазады zakon.kz.
ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Тергеу Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.