Ол Алматыда өмір сүргісі келіп, сығандар дәстүрі бойынша тұрмысқа шығып кеткен.
ERNUR.KZ. Елімізде кәмелетке толмаған балалардың үйінен қашып кету оқиғасы жиілеп кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Осы жылдың 12 қыркүйегінде Семей қаласының полиция басқармасына 49 жастағы әйелден өтініш келіп түсті, ол 12 қыркүйек күні кешке сағат 18:00 шамасында үйден қашып, қайтып оралмаған, 14 жастағы қызын іздеуге көмек көрсетуді сұрады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде 15 қыркүйекте ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері Семей қаласы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, үйінен қашқан кәмелетке толмаған баланың Павлодар қаласынан тапқан.
Белгілі болғандай, қыз «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы көрші қалада тұратын жігітпен танысып, онымен кездесу үшін үйінен кетуді шешкен. Жасөспірім тәртіп сақшыларына үйден өз еркімен кеткенін айтқан, оның себебі ата-анасымен бірге тұрғысы келмейтіні болып шықты. Оқушысы қыз Семей қаласына жеткізілгеннен кейін жедел уәкілдер оны туыстарына тапсырды.
Осыған ұқсас оқиға Өскеменде болды, 48 жастағы әйел 1 қыркүйекте қалалық полиция басқармасына хабарласып, кәмелетке толмаған қызының жоғалғанын жеткізген. Оның 8-сыныпта оқитын қызы осы жылдың маусым айының соңында үйден кетіп, баласын Алматыдан тауып, үйіне алып келуге бел буған екен. Қаладан шығар алдында жанармай бекетіне тоқтаған сәтте қызы қайтадан қашып кеткен.
«19 қыркүйекте жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері Алматыда жасөспірім қызды тапқан. Онымен сөйлескен жедел уәкілдер оның үйден өз еркімен кеткенін анықтаған, ол Алматыда өмір сүргісі келіп, сығандар дәстүрі бойынша тұрмысқа шығып кеткен. Тәртіп сақшылары оны ата-анасының үйіне қайтарды», - делінген ведомство хабарламасында.
Сол сияқты осы жылдың тамыз айында Семей қаласының полиция басқармасына 20 жастағы жігіт 17 жастағы қарындасы 17 тамыз күні таңертең үйінен шығып, оралмағанын хабарлады. Ал ұялы телефоны сөндірулі болған. 20 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлері оны Нұр-Сұлтан қаласында жұмысқа орналаспақ болған жерінен тауып алған. Әңгіме барысында ол алдымен Түркістанға келіп, әлеуметтік желіде бұрын танысқан жігітімен жақсы өмір іздеп елордаға келгені белгілі болды. Полиция кәмелетке толмаған баланы туыстарына қайтарды.
«Жоғарыда аталған қыздардың барлығы арнайы қосымшалар арқылы басқа қалаларға таксимен жетіп отырған. Көбінесе дисфункционалды отбасылардан шыққан балалар қашады. Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен, әсіресе жасөспірімдермен қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз, олармен сөйлесуге уақыт табыңыз», - делінген ведомство хабарламасында.