Жүк көлігі мен Toyota Estima соқтығысқан.
Фото: ШҚО ПД
ERNUR.KZ. ШҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.
ШҚО ПД мәліметінше, оқиға 4 қарашада Өскемен – Риддер тасжолының 48-шақырымында болған. Жүк көлігі мен Toyota Estima соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан 5 адам қаза тауып, 1 адам жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаза тапқандардың жеке басы мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деді ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Үмітов Арман.


