​ШҚО-да жыл соңына дейін 1834 пәтер қолданысқа беріледі

0
1 490

Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары мен Қ.Қайсенов кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1652 пәтер дайын тұр.


​ШҚО-да жыл соңына дейін 1834 пәтер қолданысқа беріледі

ERNUR.KZ. Ағымдағы жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысында «7-20-25»бағдарламасы бойынша 1834 пәтер қолданысқа беріледі деп жоспарлануда, деп жазады altaynews.kz.

Бұл туралы Өскеменге арнайы іс сапармен келген «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ серіктестік банктермен жұмыс жөніндегі департаментінің бас маманы Жанар Байпақпаева хабарлады.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында «7-20-25» бағдарламасына қатысуға 299 адам өтініш білдірген. Оның ішінде 207 тұрғынның өтінімі мақұлданған, – дейді Жанар Байпақбаева.

Айта кетейік, бүгінде Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалалары мен Қ.Қайсенов кентінде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1652 пәтер дайын тұр.