​ШҚО-дағы Марқакөл ауданында төтенше жағдай жарияланды

0
140

Нұрсұлтан Бейсеновтың айтуынша, Орта Теректі су қоймасында объектілік сипаттағы төтенше жағдай жариялауға аудан әкімі 8 қаңтар күні қол қойған.


​ШҚО-дағы Марқакөл ауданында төтенше жағдай жарияланды

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының аумағындағы Орта Теректі су қоймасында объектілік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Бейсенов айтқан.

- Орта Теректі су қоймасы Марқакөл ауылдық округі аумағында орналасқан. 2024 жылы су қоймасына көпфакторлы зерттеу жүргізілді. Сол кезде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов келген. Су қоймасын қарап шығып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген, - дейді ол.
Нұрсұлтан Бейсеновтың айтуынша, Орта Теректі су қоймасында объектілік сипаттағы төтенше жағдай жариялауға аудан әкімі 8 қаңтар күні қол қойған. Бірақ бұл дәл қазір қандай да бір қауіп төніп тұр деген сөз емес.
Ал су қоймасының апаттық жағдайда тұрғандықтан жөндеуді қажет ететіндігі рас.
- Төтенше жағдай алдын ала ойластырылып барып жарияланды. Су қоймасын көктемге дейін жөндеу қажет. Әйтпесе алдағы уақытта үйлер мен тұрғындарға қауіп төнуі мүмкін. Біздің мақсат – соның алдын алу. Күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін конкурстық рәсімдерді өткізіп, мердігерді анықтауымыз керек. Әзірге нақты қанша қаражат жұмсалатындығы белгісіз, - дейді аудан әкімінің орынбасары.