1-4 сынып оқушылары сабақтан босатылған.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласындағы мектептерде сабақ тоқтатылды, деп жазады altaynews.kz.
Төтенше жағдайлар департаментінің деректеріне сәйкес, бүгін Алтайда сынап бағанасы -28 градусты көрсеткен. Осыған байланысты бірінші аусымдағы 1-4 сынып оқушылары сабаққа бармайтын болды.