Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда теміржолда цемент тиелген бес вагон рельстен шығып кетті, деп жазады sputnik.kz
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 8 сәуір күні сағат 10.35-те Алтай – Күмістау теміржол учаскесінде болған.
Бір вагон "КузбассТрансЦемент" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны "Каспий Цемент" ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Пойыз 28 км/сағ баяу жылдамдықпен жүрген.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздары кідірген жоқ.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себептері анықталады.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға бір аптадан аз уақыт бұрын дәл осы өңірде болған еді: 3 сәуірде Серебрянск қаласының аумағында Ертіс арқылы өтетін теміржол көпіріне кіреберісте бірден 18 вагон аударылып, оның алтауы суға құлады. Вагондар мыс-мырыш рудасын және шлактарды тасымалдаған.