Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше елдімекенде 3 балдық жер сілкінісі сезілді

0
285

Зілзаланың эпицентрі Ресей Федерациясы аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 км қашықтықта орналасқан.


Шығыс Қазақстан облысындағы бірнеше елдімекенде 3 балдық жер сілкінісі сезілді

ERNUR.KZ. "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 15 ақпан күні Астана уақытымен 06:52-де жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Stan.kz.




Зілзаланың эпицентрі Ресей Федерациясы аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1225 км қашықтықта орналасқан.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында есептелген жер сілкінісінің қарқыны:

  • Қатонқарағай ауылы – 3 балл;
  • Марқакөл ауылы – 3 балл;
  • Үлкен-Нарын ауылы – 3 балл;
  • Алтай қаласы – 3 балл;
  • Буран ауылы – 3 балл;
  • Риддер қаласы – 2 балл;
  • Зайсан қаласы – 3 балл;
  • Күршім ауылы – 3 балл;
  • Самар ауылы – 3 балл.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

"Қазселқорғау" мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін қаупі бар және сел жүруі мүмкін аймақтарды, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды мүмкін болатын зақымдануларға тексеру мақсатында мониторинг жүргізді.

Тексеру кезінде ешқандай зақымдану анықталған жоқ, барлық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты.