Жәбірленуші әдепсіз аудио сақтап, оларды сотқа берген.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан тұрғыны WhatsApp арқылы қарым-қатынас кезінде қолданылған әдепсіз сөздер мен балағаттағаны үшін 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп жазады baq.kz.
Ол отбасымен бірге үйді жалға алған. Алайда жалдаған үйдің ақшасын төлей алмағандықтан көшуге мәжбүр болған. Сол кезде оның тұрақты тұрғылықты жері болмағандықтан, біраз заттары мен құжаттары сол үйде қалып қойған. Алайда көп ұзамай олардың бәрі жоғалып кеткен. Жалға алушы мен үй иесі арасында үлкен ұрсыс болып, бұрынғы үй иесіне WhatsApp арқылы әдепсіз аудио жазбалар жолдаған. Жәбірленуші жазбаны сақтап, оларды сотқа берген.
Сот әйелді құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартты. Қазір пробация қызметіне есепке қойылып, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін әкімшілікке жолданды, – деді пробация қызметінің бастығы Мақсат Манарбеков.