Шығыс Қазақстанда бірнеше вагон рельстен шығып кетті

0
484

Шығыс Қазақстан облысында цемент тиелген тоғыз вагон рельстен шығып кетті.


Шығыс Қазақстанда бірнеше вагон рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. Төтенше жағдай Шығыс Қазақстан облысында Алтай — Күмістау теміржол учаскесінде болған, деп жазады exk.kz.

Компанияның мәліметінше, цемент тиелген вагондар жекеменшік операторға тиесілі, оның ішінде үш вагон — ресейлік, алтауы — қазақстандық. Вагон иелеріне тергеуге қатысу үшін болған оқиға туралы хабар берілген.

"Вагондардың жолдан шығып кетуі салдарынан теміржолдың 150-200 метріне зақым келді. Апат орнында қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, жүк те жоғалмаған", делінген хабарламада.

Төтенше жағдай жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалыс кестесіне әсер еткен жоқ. Мән-жайды анықтау үшін ҚТЖ-да арнайы комиссия құрылды.