Шығыс Қазақстанда емделуші галлюцинация салдарынан мейірбикені жаралады

0
577

Алтай ауданы ауруханасының хирургиялық бөлімінде емделіп жатқан адам мейірбикеге шабуыл жасаған.


Шығыс Қазақстанда емделуші галлюцинация салдарынан мейірбикені жаралады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында емделуші мейірбикені кеңсе пышағымен жаралады, деп жазады sputnik.kz.

Алтай ауданы ауруханасының хирургиялық бөлімінде емделіп жатқан адам мейірбикеге шабуыл жасаған.
"Емделуші оқиға болған күнге дейін еш ерсі мінез-құлық танытпаған. Галлюцинация салдарынан палатада жатқан көршісіне, сосын мейірбикеге кеңсе пышағымен шабуыл жасаған", - дейді баспасөз қызметі.
Пышақ мейірбикенің қолын жаралаған. Қазіргі күні ер адам психиатриялық диспансерге жатқызылды. Әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау туралы шешім сараптамадан кейін қабылданады.