Шығыс Қазақстанда үйлерге қасқыр кіріп, адамдарға шабуыл жасады

0
410

Жергілікті тұрғындар жыртқыштың көзін жойды.


Шығыс Қазақстанда үйлерге қасқыр кіріп, адамдарға шабуыл жасады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Быково ауылында қасқыр жеке үйге кіріп, ер адамды тістеп алды, деп жазады inbusiness.kz.

Әкімдіктің хабарлауынша, жағдай 28 сәуірде Алтай ауданының Быково ауылында болған. Қасқыр жеке үйге ашық тұрған есіктен кірген.

"Үй иесі оны қуып шығуға әрекеттенген. Алайда қасқыр үй аумағында жұмыс істеп жүрген адамды тістеп, кейінірек ауыл тұрғындарының екі итін өлтіріп, қашып кеткен. Быково ауылының тұрғындары өз бетінше жиналып, қасқырдың ізіне түсіп, көзін жойды", - деді аудан әкімдігі.

Жалғыз қасқыр болмауы мүмкін деген қауіппен 29 сәуірде Нижней Быково шағын ауданында тұратын 10 оқушы қашықтан оқыту форматына көшірілді.

"Жергілікті атқарушы билік, ветеринарлық қызмет пен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет дереу әрекет етті. Тұрғындарға ауыр зардаптар мен малға зиян келген жоқ. Арнайы іс-шаралар барысында қасқыр тістеп алған тұрғын мен жыртқыштан сынама алынып, сараптамаға жіберілді", - делінген хабарламада.

Ведомство ауылдағы жағдай тұрақты екенін, балалар әдеттегідей оқып жатқанын мәлімдеді.