Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер уланып қалды

0
748

ТЖД мәліметінше, оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауылында болған.


Шығыс Қазақстанда жасөспірімдер уланып қалды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда төрт адам, оның ішінде екі жасөспірім улы газбен уланып қалды, деп жазады 24.kz.

ТЖД мәліметінше, оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауылында болған.

«Ата-ана медициналық көмекке жүгінбеген. Зардап шеккендер – 2010, 2002, 2006 және 2000 жылы туған жасөспірімдер. Көп мөлшерде зардап шеккен 2006 жылы туған қыз баланың жағдайы ауыр, ал үш адамның жағдайы орташа. Барлығы ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

"Барлығы ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Тамыз айында ШҚО ТЖД қызметкерлері осы үйдің тұрғындарына пешті жылыту маусымына дайындау қажет екенін ескерткен, бірақ үй иелері өрт сөндірушілердің кеңесіне құлақ аспаған болып шықты.

«Сынақ зертханасының қызметкерлері тұрғын үйде көміртегі тотығының құрамын арнайы аспаппен өлшеді. Аспап улы газдың бар екенін көрсетті, содан кейін бөлмелер желдетілді», – деп хабарлады ШҚО ТЖД.

Құтқарушылар Шығыс Қазақстандағы 82 мыңнан астам үйді аралап шықты. Бірақ бәрі бірдей ұсыныстарды тыңдамайды. Былтыр жылыту маусымында өңірде 76 адам зардап шеккен, олар да құтқарушылардың ескертулерін елемеген.