Шығыс Қазақстандағы тау-шаңғы курортында аспалы жолда тросс үзіліп, бір адам жарақат алды

0
399

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.


Шығыс Қазақстандағы тау-шаңғы курортында аспалы жолда тросс үзіліп, бір адам жарақат алды

Фото: visiteast.kz

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы демалыс базасында аспалы жолда тросс үзілді. Соның салдарынан жаттығуда жүрген жас спортшылардың бірі жарақат алды, деп жазады inbusiness.kz.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін "Алтай альпісі" тау-шаңғы курортында болған. Аспалы жолда тросс үзіліп, жаттығуда жүрген спортшылардың бірі иығынан жарақат алды.

"Ауыр жарақат анықталмағанымен мамандар 2013 жылы туған спортшыны толық медициналық тексеру үшін Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына алып кетті. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының өкілдері, Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері мен Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тұмашинов келді", – делінген ақпаратта.

Тросс үзілуінің себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Мәселе облыс әкімінің жеке бақылауына алынған.