Шымбұлақта халықтың ұзын-сонар кезегі пайда болды

0
925

Тау-шаңғы курорты сондай-ақ 2 қаңтардағы жұмысы туралы хабарлады.


Шымбұлақта халықтың ұзын-сонар кезегі пайда болды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде "Шымбұлақ" тау курортында ұзын-сонар кезек көрсетілген видео шықты, деп жазады Kazinform.

"Демалыстағы Шымбұлақ - жүйкесі әлсіздер баратын жер емес", – деп жазылған видеодағы жазбада.

Осыған байланысты "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты түсінік берді.

"Құрметті қонақтар, түскі уақытта көлік қозғалысы көбейетіндіктен, курортқа алдын ала келулеріңізді сұраймыз. Аспалы жолға отыру үшін кезек бар. Сағат 15:00-18:00 аралығында қонақтар ағыны көбейеді.

Курорттың ахуалы туралы ақпаратты біздің онлайн камераларымыздан көре аласыз. Жоғары маусымда осы уақытша өзгерістерді ескеріңіз. Бұл қонақтар ағынын теңестіруге қажет шара", - деп хабарлады "Шымбұлақ" тау шаңғы қурорты.

Тау-шаңғы курорты сондай-ақ 2 қаңтардағы жұмысы туралы хабарлады.

"Курорт 8:30-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Күндіз-түні шаңғы тебуіңізге болады.
2 қаңтар күні 2 тариф болады: таңғы және толық тариф.
Таңғы тариф (таңертеңгі күн) 8:30-дан 13:30-ға дейін (төмен түсу 13:30-ға дейін) жарамды.
Толық күндік тариф 8:30-дан 17:00-ге дейін жарамды (төмен түсу 00:00-ге дейін)", - делінеді хабарламада.

Баспасөз қызметі 3 қаңтардағы жағдай бойынша ақпарат кейінірек жаңартылатынын айтты.

Еске салайық, «Шымбұлақ» тау курорты SKI BUSINESS AWARDS нұсқасы бойынша 2023 жылғы үздік тау шаңғысы курорты атанған болатын.