Шымкент – Алматы тасжолында 4 көлік апатқа ұшырады

0
167

Оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп, зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді.


Шымкент – Алматы тасжолында 4 көлік апатқа ұшырады

ERNUR.KZ. 6 қаңтар күні Шымкент – Алматы республикалық автожолында төрт көліктің қатысуымен жаппай жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат салдарынан екі адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.


Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апатына қолайсыз ауа райы себеп болған. Таңертең өңірде ауа райы күрт өзгеріп, қалың тұман түсіп, көріну қашықтығы айтарлықтай төмендеген. Осындай жағдайда жүргізушілердің жол жағдайын бағалауы қиындаған.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Шымкент – Түркістан және Алматы – Тараз бағыттарында жүрген жүргізушілерге сақ болуға шақырды:

  • жолдағы қауіпсіздік үшін жылдамдықты асырмау;
  • қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
  • қауіпсіздік белдігін тағу;
  • тұман мен тайғақ жолда барынша абай болу қажет.

Құқық қорғау органдары қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпас бұрын жол жағдайын алдын ала тексеруге кеңес береді.