Жалпы тазалық жұмыстарына 19 техника жұмылдырылды.
ERNUR.KZ. Бүгін Тұран ауданы аумағында кезекті сенбілік іс-шарасы ұйымдастырылды. Тұран ауданы әкімдігі, аудандық коммуналдық мекемесі, “ШымкентСпецКомплекс” ЖШС өкілдері, ардагерлер, тұрғындар мен белсенді жастар кезекті тазалық жұмыстарына белсене қатысты.
Жалпы тазалық жұмыстарына 19 техника жұмылдырылды. 200-ге жуық қатысушы баршамызға ортақ шаһарды көркейтуге үлес қосты.
Тұран ауданы коммуналдық бөлімінің басшысы Дәурен Балғановтың айтуынша, ауданда жыл басынан бері 60-тан астам сенбілік өткен. Өзен, көше бойлары, елді мекендер, әлеуметтік нысандар, саябақтарда санитарлық тазалық жұмыстары атқарылған.