Судьяның шешімімен келіспеген футболшылар мен жаттықтырушылар оны қоршап алады.
ERNUR.KZ. Ұлттық гвардия жауынгерлері футбол матчының соңында алаңға шықты. Қазақстандық премьер-лиганың 24-ші турына тиесілі матч "Ордабасы" мен "Шахтердің" арасында өтті, деп жазады Stan.kz.
Ойын 24 тамызда өтті. Есеп 2:2 болғандықтан, бас төрешіні Болат Сариев матчтың 96-шы минутында, "Шахтер" қақпасына пенальтти орындатты. Судьяның шешімімен келіспеген футболшылар мен жаттықтырушылар Сариевті қоршап алды. Ұлттық гвардия жауынгерлеріне оны қорғауға тура келді.
"Ордабасының" хавбегі Абдулаи Диакате пенальтиді матчтың 100-ші минутында орындады. Есеп 3:2 болып ауысып, командаға жеңіс әкелді.