"Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі бұл тағайындау туралы ақпаратты растады.
Фото: sk-pgu.kz
ERNUR.KZ. Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Самұрық-Қазына" құрылымында қызметке тағайындалды, деп жазады tengrinews.kz.
Түркістан облысында электр станциясын салу үшін құрылған "Түркістан БГҚ" компаниясының әлеуметтік желілерінде Samruk-Kazyna Construction басшылығының жұмыс сапары туралы ақпарат жарияланды.
Компания кеңсесіне басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары Ғабидолла Әбдірахымов және басқарма төрағасының активтерді басқару және цифрландыру жөніндегі орынбасары Аман Асанов барған.
"Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі бұл тағайындау туралы ақпаратты растады.
"2025 жылғы 29 желтоқсанда Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметіне қабылданды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Ғабидолла Әбдірахымов компанияның басқарма мүшесі болып табылмайтыны атап өтілді.


