ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Астанада кездеседі

0
487

Қорғаныс министрлерінің кеңесі 26 сәуірге жоспарланған.


ШЫҰ-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Астанада кездеседі

ERNUR.KZ. Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді, деп жазады sputnik.kz.

"Іс-шара 2024 жылғы 26 сәуірде болады. Аталмыш кеңес Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аясында ұйымдастырылып отыр", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволарының басшылары, оның Бас хатшысы, ұйымның Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы атқарушы комитетінің директоры және Беларусь Республикасының қорғаныс министрі келеді деп күтілуде.
Кеңес қызметі әскери саладағы сенім шараларын нығайтуға, жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге, өңірлік қауіпсіздіктің жаңа сын-тегеуріндері мен қауіп-қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған күш-жігерді үйлестіруге бағытталған.