Синоптиктер: 25 қазанда бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі

0
1 093

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.


Синоптиктер: 25 қазанда бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 25 қазанда елдің бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауатынын, жел тұрып, тұман түсетінін болжады.

Қызылорда облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 25 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысында желдін бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, түнде облыстың орталығында үсік 3 градус күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Алматы облысының таулы аудандарда кей уақытта тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.