Сиыр етін сыртқа шығаруға шектеу енгізіледі

0
119

Тиісті бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі шығарады.


Сиыр етін сыртқа шығаруға шектеу енгізіледі

фото: Sputnik / Санат Имангалиев

ERNUR.KZ. Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның шешімімен сиыр етінің экспортына квота енгізуге шешім қабылданды, деп жазады sputnik.kz.
Квота тек ірі және адал өндірушілерге беріледі. Олар қолданыстағы келісімшарттар бойынша жеткізілімдерді сақтауға және сыртқы сату нарықтарын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
"Ішкі нарықтағы бағаның өсуін тежеу және халықты ірі қара етімен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету мақсатында сиыр етін экспорттауға уақытша шектеу енгізілуде. Тиісті бұйрықты Ауыл шаруашылығы министрлігі шығарады", - делінген ресми хабарламада.
Сондай-ақ ведомствоаралық комиссия Қазақстаннан автокөлік және теміржол көлігі арқылы бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салуды ұзартуға шешім қабылдады. Бұл шара да ішкі нарықты өніммен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған.
Ал 2026 жылғы қаңтардан бастап жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдарды, толуолды, ксилолды және мұнай битумын ЕАЭО кедендік аумағынан тысқары шығаруға тыйым салу алты айға ұзартылады.