«СҚ-Фармация» мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Басқарма төрағалары қызметінен босатылды

0
702

«Кейінгі кезде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының айналасында әртүрлі әңгіме өршіп кетті. Меніңше оның басшылығына іскерірек әрі жауаптырақ адамды қою керек», - деді Президент.


«СҚ-Фармация» мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Басқарма төрағалары қызметінен босатылды

иллюстрациялық фото

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Берік Шәріп пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жсап.

«Мемлекет Басшысының қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бүгінгі кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің келісімі бойынша «СҚ-Фармация« ЖШС-ның Басқарма төрағасы Б.Ш. Шәріп қызметінен босатылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі бұйрығымен берілген өтініш негізінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры« КЕАҚ Басқарма төрағасы А.Н. Жұмағұлов қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген бүгінгі отырысында МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын.

«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Кейінгі кезде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының айналасында әртүрлі әңгіме өршіп кетті. Меніңше оның басшылығына іскерірек әрі жауаптырақ адамды қою керек», - деді Президент.