Қалыпты жағдайда жұмыс істейтін мектептерде 5 пен 80 балаға дейін оқиды.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында шалғай елді мекендердегі мектептер штаттық режимде жұмысын жалғастырады, деп жазады ҚазАқпарат.
СҚО Білім басқармасының мәліметінше, қалыпты жағдайда жұмыс істейтін мектептерде 5 пен 80 балаға дейін оқиды. Бұл білім ордалары сондай-ақ облыс, аудан орталықтарынан және күре жолдардан алыс орналасқандықтан таңдалып алынды.
«Облыста оқушы саны аз 261 мектеп бар. Соның 143-і қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Бұл мектептерде 5 мыңға жуық бала білім алып жатыр. 6 сәуірден оқушылар бала санына қарамастан екі ауысым бойынша оқитын болады. Мекемелерде сақтық шаралары күшейтіледі. Таңертең барлығы міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Күнделікті санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі», - дейді СҚО Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова.
Облыстағы 3 арнайы мектеп-интернат пен жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 6 мекемеде де қашықтан білім беру жүзеге асырылады.
Мамлют санаторлық мектеп-интернатында, Ломоносов және Чкалов мектеп-интернаттарында, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл, Соколов арнайы мектеп-интернаттарында оқу процесі әдеттегідей жүргізіледі. Бірақ келіп-кететін қызметкерлер мен педагогтар медициналық бақылауға алынып, ата-аналарға және бөгде адамдарға мекемеге кіруге тыйым салынады.
Техникалық қолдау көрсету мақсатында бүгін барлық ауданда фронт-кеңселер, Петропавлда call-орталық жұмысын бастады.
Ал қашықтан білім беру кезеңінде мектеп ұстаздарының еңбекақысы толық көлемде сақталмақ.
Айта кетейік, СҚО-да оқушыларды қашықтан оқытуды қамтамасыз ету үшін бюджеттен қосымша 116 млн теңге бөлінгенін.