Қазір іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының Явленка ауылында кісі өлімі болды. Күдікті ер адам анасын өлтірген соң ізін жасыру үшін үйін өртеп жіберген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
11 қараша күні түстен кейін Явленка ауылындағы жеке үйден өрт шықты. Оқиға орнынан үй иесінің денесі табылды. Алайда оның өліміне өрт себеп болмағаны, өртке дейін зорлық-зомбылықтан көз жұмғаны анықталды. Оның өлімі бойынша 30 жастағы ұлы күдікке ілінді.
«Полиция 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.