СҚО-да кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді

0
1 684

Өңірдегі кинотеарлар карантин салдарынан 9 айдан астам уақыт жабық тұрған.


СҚО-да кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы бүгіннен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда карантиндік шектеу бойынша адам саны 30 проценттен аспауы керек. Әлеуметтік арақашық қатаң сақталып, көрермендер шахматтық тәртіппен екі орындық сайын отыруы тиіс. Егер бұл талапты бұзғандар анықталса, нысанның жұмысы тоқтатылады.

Өңірдегі кинотеарлар карантин салдарынан 9 айдан астам уақыт жабық тұрған еді.