СҚО-да мемлекетке жер учаскелері қайтарылды

0
375

Жер қатынастары саласындағы талдау жер учаскелерін конкурстан тыс заңсыз беруден, оларды ұзақ уақыт пайдаланбаудан, сондай-ақ олар үшін меншік құқығын сатып алуды төлемеуден көрінетін өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған.


СҚО-да мемлекетке жер учаскелері қайтарылды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке жер учаскелерін қайтарды, деп жазады tengrinews.kz.

Жер қатынастары саласындағы талдау жер учаскелерін конкурстан тыс заңсыз беруден, оларды ұзақ уақыт пайдаланбаудан, сондай-ақ олар үшін меншік құқығын сатып алуды төлемеуден көрінетін өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған.

"Мысалы, Есіл, Уәлиханов, Шал ақын, Тимирязев аудандары мен Петропавл қаласының жер пайдаланушыларымен Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабын бұза отырып, 65 жер учаскесі жалпы ауданы 8,5 мың га ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Осыған қарамастан жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары бұл жерлерді алып қою үшін тиісті шаралар қолданбаған", - делінген хабарламада.

Басқа жағдайда, Айыртау ауданы әкімдігі мен Петропавл жер қатынастары бөлімдерінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жасалған шарттар бойынша талаптарына қайшы, жер пайдаланушылардан бюджетке меншік және жалға алу құқығын сатып алу үшін сомасы 94 миллион теңге берешекті өндіріп алу шараларын қолданбаған.

"Бұл ретте Петропавл қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі Кодекс талаптарын бұза отырып, жеке және заңды тұлғаларға конкурстан тыс 6 жер телімін берген. Қадағалау органының актілері бойынша 6 лауазымды тұлға, оның ішінде Петропавл қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мемлекетке сомасы 44 миллион теңгеге келтірілген залал өтелді, жалпы кадастрлық құны 180 миллион теңгеден асатын 20 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды", - делінген хабарламада.