СҚО-да шенеунік 15 тәулік түрмеде отырғанын жасыру үшін еңбек демалысын алған

0
628

Ол тәртіп бұзғаны үшін қамалған.


СҚО-да шенеунік 15 тәулік түрмеде отырғанын жасыру үшін еңбек демалысын алған

ERNUR.KZ. СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары түрмеде отырғанын жасыру үшін еңбек демалысын алған, деп жазады nur.kz.

Аталған жағдай Петропавлдағы этика жөніндегі кеңесте қаралды. Тәртіп бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалған ведомство бастығының орынбасары Асхат Бакеев жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы алу туралы шешім қабылдаған.

Оған қатысты қызметтік тергеу жүргізілген. Белгілі болғандай 6 қазан күні түнде полицейлер құжаттарды тексеру үшін шенеунік тізгіндеген Nissan Teana автокөлігін тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары алкогольдің иесін сезген соң жүргізушіге медициналық тексерістен өтуді ұсынған. Бастапқыда келісім берген Асхат Бакеев мекемеге келген соң тексерілуден бас тартқан. Ол иіс дәрігер тағайындауы бойынша қабылдаған спирті бар дәрі-дәрмектен шыққанын айтқан.

Екі сағат өткен соң жүргізуші анализ тапсырған, оның нәтижесі шенеуніктің мас күйде болмағанын растаған. Алайда сот мемлекеттік қызметкерді полицейлердің медициналық тексерістен өту туралы заңды талабына қарсылық танытқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

Сонымен қатар шенеунік автокөлікті басқару құқығынан 8 жылға айырылған. Анықталғандай, осыдан үш жыл бұрын Асхат Бакеевке ішімдік ішіп көлік айдағаны үшін көлік құралдарын басқаруға тыйым салынған.

Бакеев ол уақытта Петропавл әкімдігінде жұмыс істеген, тәртіптік шаралардан жалтару үшін тез арада жұмыстан шығып кеткен.

Ал бұл жолы шенеунік басқа жол таңдаған. 15 тәулікке қамалса да, 10 күнге еңбек демалысына өтініш жазған. Материалдарды қараған этика жөніндегі кеңес шенеунікті жұмыстан босатуды ұсынды. Енді шешімді басшылық қабылдайды.