​СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны басталды

0
170

Облыс аумағында Есіл өзені бастау алатын Шөптікөл ауылының маңындағы гидрологиялық бекетте өткен тәулікте су деңгейі 60 см көтерілді.


​СҚО-да су тасқынының үшінші толқыны басталды

Фото: Рrimeminister.kz

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің деңгейі қайта көтеріліп, тасып жатыр, деп жазады inform.kz.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеевка су қоймасы бөгетінің жотасынан асып төгілу 194 см-ге жетті. Бұл биылдыққа рекордтық көрсеткіш. Өткен бір тәуліктің ішінде мұнда 30 см артық көтеріліп, қазір су торабы 135% толған.

Облыс аумағында Есіл өзені бастау алатын Шөптікөл ауылының маңындағы гидрологиялық бекетте өткен тәулікте су деңгейі 60 см көтерілді. Сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша, төрт сағат ішінде тағы 40 см жоғарылаған. Су әлі де келіп жатыр.
Петропавлдағы су қоймасында бір тәулікте су деңгейі 9 см-ге артты. Облыс орталығы қасында Есіл өзенінің қауіпті деңгейі 960 см болса, қазір 1049 см жеткен.
Жауапты қызметтер жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Кеше Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны кезеңіндегі атқарылуы тиіс шараларға байланысты тиісті ведомстволарға 5 бағыт бойынша тапсырма берген еді.